Үндістанда найзағай түсіп, тоғыз адам қаза тапты

Үндістанның батысындағы Раджастхан штатында найзағайдан тоғыз адам қаза тапты, оның жетеуі балалар.

Сондай-ақ көптеген адам зардап шекті. Зардап шеккендердің барлығы нөсер жаңбырдан кейін найзағай түскен әртүрлі жерлерде болған. 

Раджастханның бас министрі Ашок Гелот зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілетінін айтты.