Tesla акционерлері Илон Маскты сотқа берді

«Тесла» компаниясының акционерлері Илон Маскқа қарсы сотқа шағымданды.

Инвесторлар кәсіпкер күн батареяларын шығаратын «Солар сити» компаниясын сатып алу үшін өзінің ықпалын пайдаланды деп айыптап жатыр. Шағымданушылар Маск келіссөз жүргізгенде «Тесланың» Директорлар кеңесін «Солар ситидің» құнын түсірмей көтеруді ұсынған. Себебі, бұл Маск үшін тиімді болды дейді инвесторлар. Егер сот шағымданушылардың талабы дұрыс деп шешсе «Тесланың» негізін қалаушы 2 миллиард доллар өтемақы төлейді. Істі қарау 2 аптаға созылуы мүмкін.