Испанияда ауа температурасы 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Испанияның оңтүстік аймақтарында күн қатты ысып, кей қалаларда сынап бағанасы 47 градусқа жетті.

Мадрид тұрғындары шыжыған күннен су бұқақтары мен ағаш көлеңкелеріне тығылып қорғануда. Синоптиктердің айтуынша күннің ысуына Африкадан соққан ыстық жел себеп. Салдарынан елдегі ау температурасы әдеттегден 5-10 градусқа көтерілген. Мамандар алдағы күндері сынап бағанасы 50 градусқа дейін жетуі мүмкін деп отыр.

Мелиса Мунетон, тұрғын:

– Күннің ыстық болғанына қарамастан көңіл-күйім жақсы. Індеттің беті қайтып далада серуендегенге не жетсін. Ал ыстықтан қорғануға су көмектесер.

КАНАДА АПТАП ЫСТЫҚТАН БАЛЫҚТАР МЕН ҰЛУЛАР ҚЫРЫЛДЫ

Канададағы Британ Колумбиясы провинциясында аптап ыстықтан бір миллиардқа жуық балық мен ұлу қырылып қалды. Теңіз жануарлары судың ысуына шыдамай жағаға ұмтылып, күйіп кеткен. Ғалымдар теңізді тазалап отыратын хордалылардың қырылуы жергілікті экожүйеге нұқсан келтіруі мүмкін деп отыр. Ал тұрғындарға климаттың өзгеруінен қазіргі аптап ыстық әдеткі құбылысқа айналатынын айтады.

Сондай-ақ...