424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда коронавирустың таралуы күшейді

  • 98
  • UPD: 16:42, 12.07.2021
Австралияда коронавирустың таралуы күшейді

Австралияның Сидней қаласында карантин қатаңдатылғанына қарамастан індеттің таралуы қайта күшейді.

Соңғы бір күнде шаһарда коронавирус 112 адамнан анықталып, вирусты ең жоғарғы тәуліктік жұқтыру дерегі тіркелді. Билік тұрғындарды барынша абай болуға шақырып, індет өршуі басылмаса оқшаулау жалғасатынын ескертті. 5 миллион халқы бар Сиднейде шектеулер өткен жұма күні қатаңдатылып, тұрғындардың өзге штаттарға саяхаттауына тыйым салынды.

Глэдис Бережиклян, Жаңа Оңтүстік Уэльс Штатының Премьер-Министрі:

– Егер біз коронавирусты жұқтыруды төмендете алмасақ шектеу шаралары жалғасатын болады. Қалада локдаунды тоқтатудың басты талабы осы. Сондықтан тұрғындардан сақтық шараларын орындап, дертке қарсы вакцина салуға шақырамыз. Бұл өзіңіз бен жанұяңыздың қауіпсіздігі үшін қажет.

Португалияда мейрамханалар мен дәмханаларға кіру тәртібі өзгертілді

Португалияда індеттің таралуының қайта күшеюіне байланысты мейрамхана мен дәмханаларға кіргізу тәртібі өзгертілді. Енді жұма, сенбі және жексенбі күндері мұндай орындарға тек вакцина салдырғаны жайлы цифрлық төлқұжаты бар немесе, ПТР-тест тапсырған адамдар ғана кіре алады. Мейрамханаларға ғимараттарда экспресс тест ұйымдастыруға рұқсат етілген.

Хабар 24 телеарнасы