Үндістанның солтүстігінде найзағайдан 60 адам көз жұмды

Үндістанның солтүстігінде найзағай соғып, кем дегенде 60 адам көз жұмды.

Оның ішінде оннан астам адам ортағасырлық сарайға барғанда селфи жасамақ болғандар, деп хабарлады NDTV.

Уттар-Прадеште жексенбі күні 41 адам қаза тапты. Оқиға негізінен ауылдық жерлерде болған.

Бұған дейін Үндістанда найзағай түсіп, тоғыз адам қаза тапқанын хабарлаған едік.