424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иран халқы ел үкіметінен электр қуаты мәселесін шұғыл шешуді талап етті

  • 107
  • UPD: 10:20, 13.07.2021
Иран халқы ел үкіметінен электр қуаты мәселесін шұғыл шешуді талап етті

Аптап ыстықтың азабын тартып жатқан Иран халқы ел үкіметінен электр қуаты мәселесін шұғыл түрде шешуді талап етті.

Шілде басталғалы бері елде жарықтың сөнуі жиілеген. Тұрғындар күн сайын 6 сағаттан жарықсыз отыруға мәжбүр. Бұның кесірі медицина саласына айтарлықтай зиян келтіруде. Мысалы ковид-науқастар өкпені жасанды желдету аппаратына қосыла алмай отыр екен. Өз кезегінде ел президенті мен энергетика министрі электр қуаты мәселесін шешуі тиіс жобаларды жүзеге асыру санкцияларға байланысты қиындық туғызып тұрғанын жеткізді.

Айта кетейік, Иран күн сайын шамамен 66 мың мегаватт электр қуатын тұтынады. Ал өндіріс көлемі тек 50 мың мегаватт көлемінде.

Хабар 24 телеарнасы