Боливияда 150 метр биіктіктен автобус құлап, 34 адам мерт болды

Боливияның Чатакилла ауданында жолаушылар автобусы 150 метр биіктіктен жарға құлап, кем дегенде 34 адам қаза тапты.

Бұл туралы Unitel хабарлады.

Автобус Боливия астанасы Сукреге бет алған. Оқиға салдарынан тағы он адам жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Апат орнында құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ...