424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вакцинаның екі дозасын алғандардың үшінші екпе салдыруы қажеттілігі зерттелмеген

  • 200
  • UPD: 12:49, 13.07.2021

Әлемде соңғы бір айдан бері коронавирусты жұқтырғандар мен дерттен қайтыс болғандар саны артуда.

Дельта штамның дес бермеуінен эпидемиологиялық ахуал ушығып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус осылай деп дабыл қағуда. Оның айтуынша, бірнеше ай бұрын бәсеңдеген өлім-жітім қайта ұлғайған. Әсіресе халықты вакциналау баяу жүріп жатқан елдерде жағдай күрделі. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

- Кейбір елдерде вакциналау науқаны әлі басталмаған. Ал кей мемлекеттерде халықтың басым бөлігі екпенің екі дозасын да алып үлгірді. Бұл әрине көңілге қаяу түсіретін жайт. Ал қазір жүзден астам елде тіркелген дельта штамы алдағы уақытта басты дертке айналуы мүмкін.    

Халықаралық ұйым өкілдері коронавирусқа қарсы толық егілген соң қосымша вакцина алудың қажеттілігі әлі зерттелмеген деп отыр. Одан гөрі екпе алатын адамдарды көптеп қамту маңызды. Осыған байланысты ұйым мемлекеттерден халықты вакциналау туралы бағдарламаларын қайта қарап, екпе жетіспей жатқан елдерге қолдау көрсетуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы