Сирияда соғысып жатқан шетелдіктер өздерін «қазақстандық» етіп көрсетуге тырысқан

«Жусан» операциясы аясында 607 адам елге оралды. Олардың 413-і бала. 34 бүлдіршін тұл жетім қалған екен.

Ауқымды шараны жүзеге асыру үшін 20-ға жуық мемлекетпен байланыс орнатылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері Отанын сағынған жандардың азаматтығын анықтау оңай болмағанын мойындады. Себебі азаптан құтылуды аңсаған өзге мемлекет өкілдері өздерін «қазақстандықпыз» деп көрсетуге тырысқан. Толық тексеруден кейін азаматтарымыз Қорғаныс министрлігі бөлген әскери ұшақпен жеткізілді. Коронавирус пен өзге де кедергілерге қарамастан туған жеріне оралған отандастырымыздың 95 проценті теологтар мен психологтардың көмегін алып, дәстүрлі дінге бет бұрып жатыр. Ардагер Абылай Тастамбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетіне артылған міндет орасан екенін айтады.

Абылай Тастамбеков, ҚР ҰҚК-нің отставкадағы генерал-майоры:

- Көбісін халық білмейді. Бірақ ондай жұмыс істемесе, КНБ істемесе, мемлекетке зиян түседі. Мұндай жұмыс обязательно керек. Назарбаев, Тоқаев комитеттің жұмысын қарап отырады. Не керек, бәрін береді. КГБ ға қарағанда міндеттері көп.

Сондай-ақ...