424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Калифорнияда ондаған үй өртеніп кетті

  • 104
  • UPD: 13:32, 13.07.2021
Калифорнияда ондаған үй өртеніп кетті

АҚШ-тың батысындағы аптап ыстықтан орман өрті ушығып тұр. Калифорния мен Орегон штаттарында өткен сенбі-жексенбі күні басталған өрт жүздеген шаршы шақырым жерге жайылған.

Калифорнияда ондаған үй жанып кетті. Бірқатар елді мекен тұрғындары эвакуацияланды. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Орегонда да бірнеше күн бұрын шыққан өрт ондаған шаршы шақырым жерге жайылып, халық қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған.

Келли Гроссо, тұрғын:

- Өрт біз тұрып жатқан мекенге тез жетіп, үй-жайымыз түгі қалмай жанып кетті. Жылдар бойы жинаған мал-мүлкімнің барлығынан айырылдым. Енді не істейтінімді білмеймін.    

Толассыз жаңбырдан қаланы су басты 

Ұлыбританияда толассыз жаған жауыннан ел астанасы Лондонның кей аудандарын су басты. Ауа райының қолайсыздығынан шаһарда көлік қатынасы тұралады. Метеорологтар нөсер жауыннан елдің кей аудандарында тасқын жүретінін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы