424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда адамдар үйін тастап қашып жатыр

  • 354
  • UPD: 16:10, 13.07.2021

Ауғанстанның солтүстік аймақтарында тәліптердің әскери қимылдарынан жағдай күрделеніп, ауылды жерлерде бейбіт халық баспаналарын тастап қашып жатыр.

Себебі қарулы топтар басып алған жерлерде бұрынғыдай қатаң тәртіп орнатуға көшкен. Мысалы Құндыз провинциясында 12 мың адам үйлерін тастап босып кеткен. Олардың көбі үкімет күштері бақылауындағы қалаларға барып бас сауғалаған. Уақытша шатырларда тұрып жатқан адамдар ауыз су мен азық-түлік тапшы екенін айтады.

БЛИЦ: 

- Балам күн сайын тәліптер келсе өлтіреді деп айтқан соң бір түнде аяқ киімімді киіп, үйімізді тастап кеттік. Екі күн бойы шөл дала мен тау-тасты кезіп осы жерге әзер жеттік.

- Біз тамақ пен таза суға зәруміз. Науқас адамдар да көп оларға да дәрі-дәрмек қажет. Егер қолдау болмаса жағдайымыз өте қиын болайын деп тұр. 

Ал ақпаратқа қарағанда тәліптер қазір Ауғанстанның 400-дей ауданының жартысынан көбін бақылауына алған. Қарулы топтар АҚШ-пен келісім-шарт бойынша елдегі ірі қалаларға басып алмауға уәде берсе де бірқатар шаһарды шабуылдауын жалғастыруда. Түркіменстан және Тәжікстанмен шекаралас бірқатар ауданды басып алған. Осыған қарамастан тәліптер Орталық Азия мемлекеттеріне қарсы әрекет етпейтінін айтып уәде беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы