Римді қоқыс басып қалды

Жергілікті тұрғындар осылай деп шағымданып жатыр.

Айтуларынша, қала көшелерінде шашылып төгілген тұрмыс қалдықтарынан аяқ алып жүре алмайсың. Ал одан шыққан жағымсыз иіс қолқаны қабатын көрінеді.

Айта кетейін, Италия астанасында тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау мәселесі бұрыннан бар. Бірақ Рим маңындағы қоқыс полигоны жабылғалы бері жағдай одан бетер күрделене түскен. Қазір ол Италияның өзге өңірлеріне шығарылып жатыр екен. Бұл коммуналды қызмет жұмысын біршама баяулатып жіберген. Ал бұның кесірі тіпті жергілікті бизнеске зиян тигізіп жатыр екен.