J&J вакцинасын салдырғаннан кейін иммундық жүйе әлсіреп кетуі мүмкін – АҚШ

J&J вакцинасын салдырғаннан кейін иммундық жүйе әлсіреп кетуі мүмкін – АҚШ

Johnson & Johnson компаниясы әзірлеген препаратты салдырғаннан кейін азаматтардың иммундық жүйесі әлсіреп кетуі мүмкін.

АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау жөніндегі басқармасы осындай ескерту жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақпарат екпе бюллетендеріне де жазыла бастапты. Дәрігерлердің айтуынша, иммундық жүйенің жүйке жасушаларын шабуылдауы, яғни, Гийена-Барре деп аталатын синдромның пайда болуы өте сирек кездесетін жағдай.

«Соған қарамастан, осы бір аурудың белгілері байқала қалса, бірден медициналық маман көмегіне жүгіну керек», - дейді олар. Бүгінге дейін АҚШ-та Johnson & Johnson препаратын 13 миллиондай адам қабылдап үлгерген. Ал әлгі синдром 100 азаматтан анықталған. Олардың 95-і ауыр халде ауруханаға түссе, біреуі көз жұмды.