Малайзияда вакциналау орталығы індет ошағына айналды

Малайзия астанасы Куала-Лумпур маңындағы елді мекеннің бірінде вакциналау орталығы жабылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қызметкерлер арасындағы инфекцияға шалдығу деректері түрткі болған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Билік өкілдері таратқан ақпарға сәйкес, 200-ден астам қызметкер мен волонтердің ковид-тестілеуі оң нәтиже берген. Осыған байланысты соңғы 3 күнде осы орталықта екпе салдырғандарға оқшауда қалу туралы кеңес беріліп жатыр. Ал орталықтың өзі санитарлық зарарсыздандыру жұмыстарынан кейін қайта ашылады.

Хайри Джамалуддин, Малайзияның Ғылым, технологиялар мен инновациялар министрі:

- Екі волонтердің вирус жұқтырғаны белгілі болған бетте жұмысшылардың бәрін тексеруден өткізе бастадық. Сөйтіп, 204 адамның тестілеу қорытындысы оң нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Малайзияда 11 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталды. Ал пандемия басталғалы бері инфекцияға шалдыққандардың саны 840 мыңнан асады. Індет өршіп тұрған өңірлерде қатаң карантиндік шаралар енгізіліп, тұрғындардың жүріп-тұруы шектелді. Көптеген кәсіпорын жұмысын тоқтатқан.

Сондай-ақ...