Калифорния штатында шағын ұшақ үйге құлады

АҚШ-тың Калифорния штатында шағын ұшақ тура үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге апаттан зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша ұшқыш жалғыз болған көрінеді. Аймақтағы полиция басшысы «ол тірі қалмауы мүмкін» деп екіұшты жауап берді. Құлаған ұшақ отқа оранып, апат орнында өрт болған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.