БҰҰ: Климат өзгерісі мен індетті еңсеруіміз керек

«Әлемде климат өзгерісі мен пандемияны еңсеру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет».

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш 2030 жылға қарай ауаға бөлінетін зиянды қалдық көлемін 45%-ке дейін азайту керек деп мәлімдеген.

Бұл үшін көмір, газ, мұнайға тәуелділікті азайтып, бизнес пен ғылым бірлесе жұмыс істеген абзал. Сондай-ақ ол коронавирус індетіне қарсы күресті барлық жерде бірдей күшейтуге шақырды.

Айта кетейік, Нью-Йоркте Адамзаттың тұрақты дамуы бойынша жоғары деңгейде саяси форумы өтті.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Климат өзгерісін оңды реттеу үшін 2030 жылға дейінгі міндеттемені мінсіз орындауымыз керек. Сондай-ақ барлық елде COVID-19-ға қарсы вакцинаны, тестілерді, ем-домды және жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету қажет. Екпеге қолжетімділік бойынша теңсіздік бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр, коронавирустың мутациялары ие бермей бара жатыр. Індеттің жұғу деңгейі қазіргіден де қатерлі болуы мүмкін.