Кубада билікке қарсы наразылық шерулері кезінде бір адам қаза тапты

Кубада билікке қарсы наразылық шерулері кезінде бір адам қаза тауып, бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазір екі күнге жалғасқан шерулер басылып, елде әлеуметтік желілер бұғатталған. Гавана мен өзге де қалаларда полиция мен қауіпсіздік күштері көбейген.

Еске сала кетейік, Кубада өткен жексенбі күні мыңдаған адам көшеге шығып, полициямен қақтығыс болды. Оған елде коронавирусты жұқтырғандардың күрт артуы себеп. Ашынған халық биліктен індетпен тиімді күресуді және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды талап етіп көшеге шыққан еді.

Блиц 1:

- Мен биліктің шерушілерге күш қолдануын айыптаймын. Адамдар көшеге үкіметтен елде бостандық орнатып, ашаршылықпен күресуді бейбіт түрде талап етіп шыққан еді.

Блиц 2:

- Үкімет халықтың шындықты білгенін қаламайды. Ғаламтор елде болып жатқан барлық жағдайды біліп отыратын жалғыз құралымыз еді. Билік оны өшіріп, қиын болды.