Коронавирус: круиздік кеме Сингапурға мерзімінен бұрын оралды

Сингапурдан «ешқайда» бет алған Dream Cruises жолаушылар кемесі сәрсенбіде порттағы жолаушыдан коронавирус анықталғаннан кейін қайта оралды.

Кеше түнде барлық жолаушыға коронавирус жағдайы туралы жарияланып, борттағы іс-шаралар тоқтатылып, кеме Сингапурға мерзімінен бұрын оралды. Экипаж инфекция жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болған адамдар анықталғанын, олардың коронавирусқа тапсырған сынақтары теріс нәтиже көрсеткенін айтты.

Айта кетсек, өткен жылдың қараша айынан бастап Сингапур билігі осылай «ешқайда» сапар жасауға рұқсат берді. Яғни кеме бірнеше күнге ашық теңізге шығады, дегенмен басқа елдерге кірмейді.