425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанға гуманитарлық дағдарыс қаупі төнді – БҰҰ

  • 87
  • UPD: 10:33, 14.07.2021
Ауғанстанға гуманитарлық дағдарыс қаупі төнді – БҰҰ

Ауғанстанда қарулы қақтығыстардан мыңдаған адам үйлерін тастап қашып, гуманитарлық дағдарыс қаупі төнді.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар жөніндегі агенттігі мәлімдеді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, биыл жыл басынан ел ішінде зорлық-зомбылықтан бас сауғалаған тұрғындардың саны 270 мыңға артқан. Нәтижесінде баспанасын тастап босқан халықтың саны 3,5 миллионнан асқан.

Айта кетейік, Ауғанстанда биыл АҚШ пен Батыс елдері әскерін шығаратынын жариялай салысымен тәліптердің үкіметке қарсы әрекеті күшейді. Қарулы топтар елдің басым бөлігін бақылауына алған.

Фархан Хак, БҰҰ Бас хатшысы ресми өкілінің орынбасары:

- Біріккен Ұлттар Ұйымы бұған дейін де Ауғанстанда қарулы қақтығыстардан гуманитарлық дағдарыс қатері күшейгенін ескерткен. Егер елде тараптар бейбіт келісімге келіп, әскери қимылдар тоқтатылмаса, ел іші мен көрші мемлекеттерге бас сауғалаған халықтың қарасы көбейеді.

Хабар 24 телеарнасы