424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда қонақ үй апатынан құрбан болғандар саны 17 адамға жетті

  • 66
  • UPD: 10:42, 14.07.2021
Қытайда қонақ үй апатынан құрбан болғандар саны 17 адамға жетті

Қытайда Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласындағы қонақ үй ғимаратының құлауынан қаза тапқандар саны 17-ге жетті.

Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.

Бұған дейін сегіз адам қаза тауып, тоғыз адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтаумен айналысатын үкіметтік топ құрылды.

«Сыцзи Кайюань» қонақ үйі дүйсенбі күні түстен кейін құлаған, себебі әлі белгісіз. Ғимарат құлағаннан кейін 23 адам үйінді астында қалған.

Хабар 24 телеарнасы