424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сиднейде локдаун 14 күнге ұзартылды

  • 108
  • UPD: 11:22, 14.07.2021
Сиднейде локдаун 14 күнге ұзартылды

Австралия билігі Сиднейдегі локдаун мерзімін 14 күнге ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі ең ірі шаһар орналасқан аймақ басшысының айтуынша, бұған дейін коронавирусқа қарсы 3 апта күшінде болған шектеулер еш нәтиже бермеген. Қазір қаладағы тестілеу орталықтарына кезек көбейді. Соңғы мәлімет бойынша 97 науқас тіркелген. Жалпы індетке шалдыққандар саны 900-ге жетіп отыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бүкіл ел бойынша жыл басынан бері қатерлі аурудан 2 адам көз жұмған.

Глэдис Бережиклян, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьері:

- Локдаунды шілденің 16-ынан 30-ына дейін енгіземіз. Жұқтырғандар саны нөлге жетпейінше, шектеулерді алмаймыз. Бұл шара оң нәтижесін береді деп сенеміз. Сондай-ақ аймақтағы Қарттар үйлері қызметкерлері мен мұғалімдерді вакциналауға басымдық береміз.

Хабар 24 телеарнасы