424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларуське қарсы санкцияға тағы бес мемлекет қосылды

  • 111
  • UPD: 11:51, 14.07.2021
Беларуське қарсы санкцияға тағы бес мемлекет қосылды

Өткен айда Еуроодақтың Беларуське салған санкциясына тағы 5 мемлекет қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар – Солтүстік Македония, Черногория, Албания, Норвегия және Исландия елдері. Бұл туралы Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді. Еуроодақ Беларуське қарсы шектеу шараларын маусымның 24-і күні енгізген. Оған мамырдың 23-і күні Беларусь билігінің Минск аспанында «Райан Эйр» ұшағын күштеп қондырып, президент Александр Лукашенконы сынап келген журналист Роман Протасевичті тұтқындауы түрткі болды. Ресми Брюссель «Минск адам құқықтарын өрсекел бұзып жатыр» деп, бұл елге мұнай өнімдері мен тыңайтықштарды сатуға тыйым салып, қаржы саласына бірқатар шектеу енгізген еді.

Хабар 24 телеарнасы