Бразилияда мыңдаған адам үкіметке қарсы бас көтерді

Бразилияда жұрт үкіметке қарсы бас көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сан-Паулу мен Рио-Де-Жанейро көшелеріне мыңдаған адам шыққан. Олар елдің қазіргі президенті Жаир Болсонаруды «жемқорлыққа жол берді және коронавирусқа қарсы дұрыс саясат жүргізе алмады» деп айыптады. Бұл елде індет 500 мыңнан астам адамның өмірін қиған. Полиция наразы топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, соңы қақтығысқа ұласты. Әзірге жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Бразилияның Жоғарғы соты президенттің үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын. Оған Үндістанның «Коваксин» вакцинасын сатып алу барысында ақша жымқырды деген айып тағылып отыр. Болсонарудың өзі «кінәсізбін» дейді.