Перу дәрігерлері вакцинаның үшінші дозасына рұқсат беруді сұрап отыр

Перу астанасы Лимада дәрігерлер Денсаулық сақтау министрлігінің алдына жиналып, наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға қатысушылар биліктен медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын салуға рұқсат беруін сұрап жатыр.

Дәрігерлердің шеруге шығуына вакцинаның екі дозасын алған медицина қызметкерлерінің арасында өлім-жітімнің тіркелуі себеп. Сондықтан ақ халаттылар үкіметтен вирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын салдыруға рұқсат беруін талап етуде. Және оған «Файзер/Байонтек» вакцинасын қолдануды сұрап жатыр. Бұл олардың дертке қарсы иммунитетін көтеретінін айтады.

Мигель Паласиоc Сели, Дәрігерлер қауымдастығының өкілі:

- Коронавирусқа қарсы екі доза қарапайым адамдарға арналған. Өйткені олар біз сияқты вирустың таралуы жоғары орындарда жұмыс істемейді. Сондықтан дәрігерлер үшін екі доза аз. Біздің жұқпалы кеселге қорғанышымыз күшті болу үшін 3 доза қабыладуымыз керек.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакциналарды араластырып салмауға кеңес берген. Вакцинаның үшінші дозасын салдыруға да аса сақтықпен қарауға шақырды. Себебі, бұл екі мәселе де әлі зерттелмегенін айтады.

Сондай-ақ...