Сеулдің спортзалдарында қатты ырғақты музыкамен жаттығуға тыйым салынды

Сеулдің спорттық залдарында коронавирустың таралуының алдын алу үшін қатты ырғақты музыка қоюға тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу дыбыс екпіні минутына 120 соққыдан жоғары болып келетін музыкаға енгізілді. Мамандардың айтуынша, бұл адамдардың жаттығуды жылдам жасап, демі жиілеп, өзгелерге терін шашыратуды болдырмас үшін қабылданған. Шара 2 аптаға созылмақ. Бірақ спортзал қожайындары «биліктің мұндай әрекеті қисынға келмейді» деп отыр.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда жаңа шектеулерге сай адамдар спорт залдарында 2 сағаттан артық жаттығуына болмайды.