Әзербайжан мен Армения шекарасында атыс болып, армян жауынгері қаза тапты

Әзербайжан мен Армения шекарасында атыс болып, бір армян жауынгері қаза тапты.

Бұл туралы Армения Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Оқиға Ерасх деп аталатын учаскеде тіркелген. Әзербайжан жасақтары инженерлі техниканы қолданып, бекіністер салмақ болған. Бірақ армян тарапы оны тоқтатуға әрекет етіп, әзербайжан әскерилері оқ атқан. Салдарынан екі арада атыс басталып, армян жауынгері көз жұмған. Әзербайжан тарапынан да адам шығыны бары айтылады.