Сингапурде 3 мыңға жуық жолаушысы бар саяхат кемесінде бір адамнан вирус табылды

Сингапурде 3 мыңдай жолаушысы бар круиздік лайнерде бір адамнан коронавирус табылып, кеме мерзімінен бұрын портқа оралды.

Рейтер агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, вирус жұқтырған жолаушы 40 жастағы ер азамат. Қазір ол ауруханада тексеруден өтіп жатыр екен. Ал қалған жолаушылар кеме бортында. Әзірге олардың жағаға шығуына болмайды.

Айта кетейік, Сингапурдегі круиздік лайнерлер өткен жылдың соңынан бастап қайтадан сапарға шыға бастаған болатын.