Әзербайжан-армян шекарасында атыстан адам жараланды

Әзербайжан мен Армения шекарасында армян тарапы бастаған атыстан әзербайжандық бір жауынгердің жарақат алғаны белгілі болды.

Қазір ол ауруханада жатыр екен. Бұл туралы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған ведомство келтірген мәліметке сәйкес, армян тарапы Нахичеван автономиялық республикасы аудандарының біріне қарай оқ жаудырған.

Айта кетейін, бұған дейін осы атыстан бір армян сарбазының көз жұмғаны хабарланған еді. Армения қорғаныс министрлігінің дерегінше, Әзербайжанның қарулы күштері шекарада инженерлі техниканы қолданып бекіністер салмақ болған. Ал армян тарапы мұны тоқтатпақ болыпты. Бірақ әзербайжан жасақтары армян әскеріне атыс ашқан, дейді Арменияның қорғаныс министрлігі.