Индонезияда волонтерлер жұмысына сұраныс артты

Індеттің жаңа толқынымен күресіп жатқан Индонезияда волонтерлерге деген сұраныс артқан. Мәселен, еріктілер жедел жәрдем қызметіне жүргізуші ретінде орналасып, науқастарды ауруханаларға жеткізумен айналасып жатыр екен.

Айта кетейік, Дельта штамына байланысты қазір Индонезияның денсаулық сақтау жүйесі қиын кезеңді бастан өткеруде. Өйткені вирус жұқтырып жатқандар саны өте көп. Осымен алтыншы күн қатарынан елде вирус жұқтырудың жоғары көрсеткіші тіркеліп жатыр. Тек өткен тәуліктің өзінде 48 мың адамнан қауіпті инфекция анықталды.

Собари, үйлестіруші-волонтер:

- Үкімет Ява аралы мен Джакартадағы жағдайды бақылауға ала алмай жатыр. Сондықтан індеттің алдын алу үшін волонтерлер қажет. Күніне 80-ге жуық қоңырау келіп түседі. Соның отызына ғана көмектесіп үлгіріп жатырмыз.