Германияда шерушілер вакцина патентінің күшін жоюды талап етті

Джо Байден мен Ангела Меркель кейпіндегі маска киген адамдар Берлин орталығында ерекше шара ұйымдастырды.

Олар елдер мен құрлықтар арасында пайда болған символикалық дуалды бұзды. Бұл ковидке қарсы препараттарды үлестіруге кедергі келтіріп жүрген бөгет рәмізі. Шараға қатысушылар вакциналар патентінің күшін жоюды талап етті. Белсенділердің пікірінше, екпе жетпей жатқандықтан пандемия жалғасып келеді және күн сайын мыңдаған адам қайтыс болады. Фармацевтикалық компаниялар патенттерінен бас тартса, вакцина барлық елге қолжетімді болады.

Андреа, шараға қатысушы:

- Бұл өте маңызды. Өйткені қазір кедей елдер бізге қарағанда пандемияның ауыр зардабын тартып отыр. Екпе салдырмаса, бүкіл әлемге тарайтын жаңа мутациялар шығады. Байден патенттердің күшін жоюды қолдады. Ал Ангела Меркель бұған шүбә келтіріп отыр. Сондықтан осы шараға шықтық.