Пәкістанда автобус апатынан 13 адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 40 кісі түрлі жарақат алды.

Олардың бәрі қазір ауруханада қажетті ем-дом алып жатыр. Көлік ішінде су бөгеті құрылысында жұмыс істейтін жергілікті мамандар мен шетелдік инженерлер болған. Көз жұмғандар арасында Қытайдың 9 азаматы бар.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, автобус апатына жарылыс себеп болуы мүмкін. Бірақ бұл әлі расталған жоқ. Қазір оқиға орнында саперлар жұмыс істеп жатыр. Ал екінші нұсқа бойынша аймақта жауын жауып, жолдар тайғаққа айналғандықтан автобус құздан құлап кеткен.

Сондай-ақ...