Израиль билігі Covid-19 дертімен күрес стратегиясын өзгертті

Енді үкімет қатаң локадундар енгізбейді, бұл жолы вакциналау мен сақтық шараларын насихаттауға көп көңіл бөлінеді.

Бір тәулікте бір мыңдай науқастың анықталуы билік тарапынан алаңдаушылық туғызды. Коронавирус дертімен күрес бойынша жақында таратылған кабинет қайта құрылды. Алайда енді локдаундар енгізілмейді, экономикаға зиян келтірмес үшін үкімет коронавируспен күрес стратегиясын өзгертті.

Нафтали Беннет, Израиль Премьер-Министрі:

Біз айқын стратегия ұстанып келеміз. Бұл - вирусқа тосқауыл қою және қалыпты тұрмысымызды сақтап қалу. Бір жағынан қоғамдық денсаулық сақтау саласы мен вирусқа тойтарыс беруге, ал екінші жағынан экономика мен тіршілігіміздің қажеттеліктеріне көңіл бөлеміз.

Ең бастысы - ауруханаға жатқызылған және дерті асқынған науқастар саны өте аз. Өкпені жасанды желдету аппаратарына қосылған адамдардың саны жиырмаға да жетпейді. Ал індет дендеп тұрған кезде жүздеген адам ауыр хәлде болған еді. Соңғы бір тәулікте тек бір адам қайтыс болды. Эпидемиологтардың айтуынша, бұл вакциналаудың нәтижесі. Екпе салдырған адамдар да коронавирусты жұқтыруы мүмкін, бірақ оларда ауру жеңіл түрде өтеді.

Гади Сегаль, аурухана бөлімінің басшысы:

Вакциналаудың тиімділігінің нақты дәлелдері бар, оған күмәніміз жоқ. Науқастар саны өте аз, олардың басым бөлігінде ауру жеңіл өтіп жатыр. Вакцинасыз ахуал едәуір нашар болар еді, жаңа локдаун енгізуге тура келіп, өлім саны артар еді.

Билік вакциналауды насихаттауға бар күшін  салып отыр. 12 жастан асқан балаларға да екпе салынып жатыр. Елде препараттар таусыла бастады, алайда үкімет өндірушілермен жаңа партиялар жеткізуге келісті.  Ол қайта вакциналауға қажет болады. Үшінші екпе қашан салына бастайтыны әзірше белгісіз.

Авторлары: Сергей Ауслендер