Францияда вакцина алу міндеттелді

Францияда вакциналау науқанын қатаң шаралармен күшейтілгелі жатыр.

Үкімет әзірлеп жатқан жаңа заңда аурхана мен медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерін және құтқарушыларды міндетті түрде егу қарастырылған. Егер қызметкер вакцина салдырмаса жұмыстан шығарылмақ. Заң жобасында санитарлық төлқұжаты жоқ ададмдарды мейрамханаға, кинотеатр мен ірі сауда орындарына және вокзалға кіргізілмейді. Тәртіпті қадағалу полицияға жүктелмек. Биліктің қатаң шаралары халыққа әсері күшті болған сияқты. Соңғы бір күнде 1 жарым миллион адам екпе алуға тіркелген. Бірақ вакцина салдыруды міндеттеуге қарсы наразылық шаралары да өтті. Парижде полиция шерушілерді тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды.

Францияда соңғы уақытта эпидемиологиялық жағдай қайта ушыға бастаған. Соңғы бір аптада вирусты жұқтырғандар саны 2 есеге өсті. Науқастардың басым бөлігінен Дельта штамы анықталып жатыр. Осыған байланысты Пастер институтының зерттеушілері  Францияда коронавирутың төртінші толқыны тамыз айында басталады деп пайымдап отыр.