ЮНИСЕФ: 2020 жылы 23 млн бала негізгі вакциналарды алмаған

2020 жылы 23 миллион бала жоспарлы вакциналау бойынша негізгі екпелерді алмаған.

Дәстүрлі имммундау науқанын іске асыруға коронавирус індеті кедергі жасаған. Бұл туралы арнайы есеп жүргізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ мәлімдеді. Осылайша вакцина алмаған балалардың қызылша, полиомиелит, менингит және папиллома вирусына шалдығу қаупі жоғары болып тұр. Әсіресе, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Жерорта теңізі елдерінде егу шарасы жүрмеген. Балалардың көбі лашықтарда, қақтығыстан зардап шеккен қауымдардың арасында және медициналық қызмет мүлде көрсетілмейтін қиырдағы елді мекендерде тұрады.

Сондай-ақ...