Алдағы 10 жылда жер бетінде шөл мен шөлейт көбеюі мүмкін

АҚШ-та алапат өрттен 400 гектар орман өртенді.

АҚШ-тың солтүстік-батысында алапат өрт болып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, 60-қа жуық от ошағы тіркелген. 12 штаттың аумағында тұтанған тілсіз жау 400-ден астам орман алқабын жалмап, ондаған үйді күлге айналдырған.

Мамандардың мәлімдеуінше, табиғи апатқа аптап ыстық пен жауын-шашынның аз түсуі себеп. Кейбір аймақтарда температура бағаны 50 градустан асып түскен. Билік жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіре бастады.

Ғалымдар аптап ыстық климат өзгерісінен туындағанын айтады. Болжам бойынша, алдағы 10 жылда жер бетінде шөл мен шөлейт көбеюі мүмкін.