Флоридада тұрғын үйдің құлауынан қаза тапқандар саны 97 адамға жетті

Американың Серфсайд қаласында (Флорида штаты) тұрғын үйдің құлауынан қаза тапқандар саны 97-ге дейін жетті.

Серфсайдтағы көп қабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні құлады. Бірінші күні үйінділер астынан 37 адам шығарылды.

7 шілдеде билік құтқару жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады, қазір апат болған жерде қаза тапқандардың мәйіттерін іздеу жұмыстары жүргізілуде.