Ауғанстаннан Тәжікстанға жүздеген этникалық қырғыз қашып өтті

Ауғанстаннның солтүстік провинцияларында тәліптердің үкіметке қарсы әскери қимылдары күшейіп, көрші елдерге бас сауғалаған адамдар саны артуда.

Соңғы екі күнде 347 этникалық қырғыз қарулы топтардан қашып Тәжікстан аумағына өткен. Бұл туралы осы елдің мемлекеттік Қауіпсіздік комитетті мәлімдеді.

Ресми өкілдерідің айтуынша, босқындардың басым бөлігі балалар мен әйлдер. Олар Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономды облысындағы екі ауылға орналастырылған. Босқындар өздерімен бірге мыңнан аса ірі және ұсақ мал айдап келген.

Сондай-ақ...