Панамада балаларды вакциналау басталды

Панама жасы 12-ден асқан балаларды вакциналай бастады.

Алдымен мүмкіндігі шектеулі және созылмалы ауруы бар жеткіншектер егіліп жатыр. Науқан әзірге ел астанасының маңайындағы елдімекендерде және орталықтағы 2 провинцияда жүріп жатыр. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі балаларға «Файзер» препаратын егуге рұқсат берген. Екінші компонент бірінші дозаны алғаннан кейін 3-4 аптадан соң салынады. Ғалымдардың айтуынша, коронавирустың «Дельта» штамына шалдыққандардың дені – жастар. Сондықтан олар үкіметті 20 жасқа дейінгі тұрғындарға вакцина салу ісін ширатуға шақырып отыр.

Сондай-ақ...