Сирек тырналарды өсіру орталығының жұмысы қайта жанданды

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында Солтүстік Америкада сирек кездесетін қызыл басты ақ тырналарды өсіру орталығының жұмысы қайта жанданды.

Былтыр коронавирус індетінен қызметкерлер тапшылығы сезіліп, іс ақсап қалған еді. Ал биыл жыл басталғалы орталық мамандары осы құстың 14 балапанын қолдан өсіріп шығара алды. Қазір қанаты қатпаған кішкене тырналар жасанды жолмен жабайы табиғатта күресуге үйретіліп жатыр. Ол үшін орталық қызметкерлері тырнаның киімін киіп үлкен құстың әдеткі қимыл-әрекетттерін істейді. Осылайша балапандар есейген соң еркіндікке жіберіледі.

Жалпы Солтүстік Америкада бұл құстың  800-дейі ғана бар екен.