Рекорд: 18 жастағы британдық планетаны 44 күн ішінде айналып шықты

18 жастағы ұлыбританиялық Трэвис Ладлоу 44 күн ішінде Жер шарын жеңілмоторлы ұшақпен айналып өтіп, әлемдік рекорд орнатты.

Ұшақпен жас жігіт 40 мың шақырымнан астам жерді айналып шыққан. Ол әлем бойынша жалғыз өзі саяхат жасаған ең жас адам болды. Жас жиһангез сейсенбіде Нидерланд еліне қонды.

Ол әлемнің 9 елінде шамамен 60 аялдама жасаған.

Трэвис ұзақ жолға былтырдан бері дайындалған көрінеді. Сонымен қатар өзінің жасына қарамастан, оның ұшқыштық тәжірибесі мол болған.