Германияда толассыз жаңбырдан 2 адам опат болды

Германияның батыс бөлігінде толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны жүріп, 2 адам қаза тапты.

6 үй құлап, 30 адам із-түссіз жоғалып кетті. Жауын мен тасқыннан көп елді мекен оқшауланып, телефон байланысы үзілген. Рейнальд-Пфальц аймағындағы Эйфель таулы мекенінде өзеннің тасуынан 25 үйге құлау қауіпі төнген. Табиғат апаты аудандарына әскерилер аттандырылған. Рейн өзеніндегі тасуынан теміржол мен көлік қатынасы тұралаған. Ауа райын болжаушылар елдің оңтүстік-батыс бөлігінде тағы да қалың жаңбыр жауатынын ескертіп отыр.