Колумбияның жағалау күзеті теңізде 5,4 тонна есірткі тәркіледі 

Колумбияның жағалау күзеті теңізде 5,4 тонна кокаин есіртікісін қолға түсірді.

Оқиға Колумбия мен Панама суында болды. Алдымен есірткі тығылған жылдам қайықты Панама әскерилері байқап қалып, ұстамақ болады. Бірақ қылмыскерлер Колумбия аумағына өтіп қашып, осы елдің жағалау күзеті қолға түсірген. Заңсыз жүктің жалпы құны 185 миллион долларды құрайды.

Билік есірткі осы елде танымал «Дель Гольфо» қылмыстық тобына тиесілі екенін айтады. Колумбия әлемде ең ірі кокаин өндіруші елдің бірі саналады. Былтыр Колумбия қауіпсіздік қызметі осы есірткі өсімдігі өсірілетін 130 мың гектар алқапты жйып, 505 тонна кокаинды қолға түсірген.