424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияның Виктория штатында бес күндік локдаун жарияланды

  • 95
  • UPD: 23:39, 15.07.2021
Австралияның Виктория штатында бес күндік локдаун жарияланды

Австралияның Виктория штаты 5 күнге локдаунға жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта коронавирус жұқтыру дерегінің артуына байланысты билік өкілдері осындай шешім қабылдады. Жаңа тәртіпке сай жергілікті тұрғындардың себепсіз үйден шығуына рұқсат жоқ. Сыртқа тек жұмысқа немесе оқуға бару үшін ғана шыға алады. Өңір басшысының айтуынша, локдаун инфекцияның алдын алуда таптырмас шара.

Дэниел Эндрюс, Виктория штатының премьер-министрі:

- Біз қайтадан шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдадық. Вирус тым тез таралып жатыр. Сондықтан жылдам әрекет етуіміз қажет. Әйтпесе, бес күндік емес, бес айлық локдаунда қалуымыз мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы