ДСҰ коронавирустың Қытайдан шықпағанына әлде де күмәнданады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың қайдан шыққанын анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жалғастыруға дайын.

Бұл туралы халықаралық ұйымның басшысы мәлімдеді, деп жазады Ассошиэйтед пресс.

Тедрос Гебрейесустың айтуынша, ғалымдар Қытайдан толыққанды ақпарат ала алмай әлек. Сол себепті Covid-19-дың Ухань вирусология институтының зертханасынан шыққанын жоққа шығару әлі ерте, дейді мамандар. Ұйым басшысы Қытай билігін пандемия туралы мәліметтерді беріп, мейілінше ашық болуға шақырады. Наурыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуы туралы баяндаманы жариялап, онда бұл зертхананың қатысы жоқ деп жазған еді.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Біз Қытайдан ашық болуды және індет басталған алғашқы күндері сұраған ақпарат бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуді өтінеміз. Өздеріңіз білесіздер, мен зертханада жұмыс істегенмін, иммунологпын, зертханада түрлі тосын оқиғалар болып жатады. Бұл қалыпты жағдай. Өзім де зертханада талай қателік жасағанмын. Бізге аталған зертханадағы індетке дейінгі және кейінгі жағдай туралы толық ақпарат керек.

Сондай-ақ...