425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда қоқиқаз қырылды

  • 189
  • UPD: 10:12, 16.07.2021
Түркияда қоқиқаз қырылды

Түркия елдің орталық бөлігінде қоқиқаздардың қырылуына қатысты тергеу амалдарын бастады.

Қазір Туз көлі маңында мыңдаған құстың өлігін көруге болады. 

Эколог мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға аймақтағы құрғақшылық пен көл суының 10 шақырымға тартылуы себеп. Сонымен қатар жергілікті шаруалардың егістікті суару әдістері әсер еткен көрінеді. Десе де, Түркияның ауыл шаруашылығы министрлігі құстардың қырылуы мен егістікті суару арасында еш байланыс жоқ деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы