Кот-д'Ивуарда 23 адам жол апатының құрбаны болды

Кот-д'Ивуардың оңтүстігінде болған жол апатынан кем дегенде 23 адам қаза тапты.

Одан бөлек 34 адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті Fraternite Matin газеті.

Шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы Абиджан қаласынан солтүстікке қарай 100 шақырым жерде болған.

«Жарақат алған 34 адамның ішінде 16 адамды ауруханаға жатқыздық, оның ішінде бес бала бар. Ересектер арасында үш адам жансақтау бөлімінде жатыр», - деді Бодо қаласындағы аурухананың өкілі.