424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда криптовалюта өндіруге тыйым салынды

  • 77
  • UPD: 10:25, 16.07.2021
Қытайда криптовалюта өндіруге тыйым салынды

Әлемдік нарықта биткойн құны төмендеп жатыр. Оған Қытай билігі жасаған соңғы шешім де әсер етті. Кеше елде криптовалюта майнингіне толық тыйым салынды.

Бұған дейін Ұлттық банкі жергілікті компаниялар мен төлем жүйелерінде криптовалютамен сауда жасауға шектеу енгізген еді. Бұл қадамды қаржылық құйтырқылықтың алдын алу үшін жасадық деп түсіндірді. Ал маинингті тоқтатуға электр энергиясының тапшылығы себеп болды. Мұнда электр қуатын өндіру үшін қоршаған ортаға орасан зор зиян келеді. Сарапшылардың айтуынша, әлемде криптовалюта өндірісінен ауаға жыл сайын 37 мегатоннадай көмірқышқыл газы бөлінеді. Оның басым бөлігі Қытайдың үлесінде. Өйткені криптовалютаның 70 проценті осы елде өндірілген.

Қытайда майнингке тыйым салынғаннан кейін криптовалюта жасайтындар, АҚШ, Ресей және Қазақстанға қоныс аудара бастады. Мамандардың айтуынша, бізде маинингке тыйым жоқ. Елде шамамен 15 ірі ферма жұмыс істейді. Шағын фермалар да баршылық. Әсіресе, Қарағанды, Өскемен, Павлодарда орналасқан. Ал қытайлық майнерлердің келуі елге ешқандай зиян келтірмейді. Керісінше Электр энергиясын экспорттауға, жергілікті жерде жаңа нысандар салып, жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік ашады. Егер тапқан табысынан салық төлесе ел бюджетіне де қосымша қаржы түседі. Бірақ бұл жағы әлі толық жүйеленбеген. Әзірге маинингпен айналысатын фермаларға электр қуатының ақысынан бөлек бір киловатт сағат үшін бір теңге көлемінде салық енгізу туралы заң қабылданған. Ол келер жылы күшіне енеді. Ал табыс салығы қалай алынатыны белгісіз. Өйткені криптаволюта өндіретін фермалардың табысын ешкім бақыламайды.

Арман Қуанышбаев, ҚР BLOCKCHAINKZ қауымдастығының вице-президенті:

- Астана халықаралық қаржы орталығы қазір криптовалюта биржасын іске қосуға дайындап жатыр. Жалпы маинингпен айналысу қылмыс емес. Бұл қаржы ешқандай алаяқтық басқа жолмен емес, арнайы құрылғымен жасалады. Бірақ кімнің қанша криптовалюта өндірілгенін ешкім бақыламайды. Оның үстіне Қазақстанда элктр энергиясы арзан әрі жеткілікті. Ауа темратурасы да аппараттар үшін қолайлы саналады.

Хабар 24 телеарнасы