Қытайда шахтаны су басып, бес адам із-түзсіз жоғалып кетті

Қытайдың Шэньси провинциясындағы Юйлинь қаласында шахтаны су басты.

Салдарынан бес адам хабар-ошарсыз кетті.

Мәлімдемеге сәйкес, апат Махуанлян ауылында орналасқан «Хуажуй хаоцзялян майнинг» тау-кен компаниясының шахтасында болған.

Сондай-ақ су басу кезінде шахта құмға толып қалған. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.