424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та толассыз жауын су тасқынына ұласты

  • 100
  • UPD: 11:54, 16.07.2021
АҚШ-та толассыз жауын су тасқынына ұласты

АҚШ-тың Аризона штатында толассыз жауын су тасқынына ұласты. Құтқарушылар ер адам мен оның 2 қызын көліктен әрең шығарып алған. Дереу ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің жағдайы қазір бірқалыпты дейді дәрігерлер. Елдің солтүстік-шығысында бірнеше күннен бері ақ жауын құйып тұр. Су деңгейі 28 сантиметрге дейін көтерілген. 

АҚШ-тың батысында орман өрті дес бермей тұр. Бір ғана Орегон штатында жүздеген тұрғынның үйі күлге айналып, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Тілсіз жаумен күреске 2 мыңға жуық өрт сөндіруші мен авиация тартылды. Әзірге отқа оранған аумақтың тек 7 проценті ғана сөндірілді. Өрт жалпы 90 мыңнан астам гектар жерді жалмап үлгірген. Өртті сөндіруге екпіні күшті жел мен құрғақшылық кедергі жасауда.

Хабар 24 телеарнасы