АҚШ пен Германия «Вашингтон декларациясына» қол қойды

Вашингтонда АҚШ президенті Джо Байден мен Германия канцлері Ангела Меркель «Вашингтон декларациясына» қол қойды.

Ақ үй басшысының айтуынша, бұл құжат екі елдің демократиялық қағидаларды берік ұстанатынын бекітеді. Онда ГФР мен АҚШ НАТО-ны Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әскери ұйым деп есептейді. Сондай-ақ тараптар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты бірлесе дамытуға уағдаласты.

Ангела Меркель, ФРГ Канцлері:

- Бізде ортақ құндылықтар бар. Бүгінгі күрделі мәселелерді шешу жолдарына да бірдей ұстанымдамыз. Алайда қазір біз түрлі қауіп-қатерге толы заманда өмір сүріп отырмыз. Сондықтан саясатқа сергек көңілмен қарауымыз керек.

Бұдан бөлек тараптар «Солтүстік ағын-2» жобасына да арнайы тоқталды. Осы жоба бойынша қос мемлекет әртүрлі ұстанымда болса да екі ел Украина газ дәлізі ретіндегі мәртебесін сақтауы керек деп, Ресейге энергетиканы қару құралы ретінде пайдалануға жол бермеуге келісті.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- «Солтүстік ағын-2» жобасы бойынша менің ұстанымым бұрыннан белгілі. Жақсы достарымның көзқарасы бөлек болуы бек мүмкін. Президент болған кезімде газ құбырының құрылысы 90 процентке дейін салынған болатын. Сондықтан санкциялар енгізудің еш мәні болмады.